Семейде құрылыс алаңында жұмысшы қолынан айырылды

0
88

​Құрылыс нысанында орын алған оқиға бойынша тергеу амалдары басталды.


Семейде құрылыс алаңында жұмысшы қолынан айырылды

фото:baq.kz.

ERNUR.KZ. Семей қаласында өндірістік ауыр жарақат алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаменті мәлім етті, деп жазады baq.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 11 сәуірде құрылыс нысандарының бірінде болған. Құрылыс агрегатын тазалау кезінде 20 жастағы жалдамалы жұмысшының қолы жұлынып кеткен (травматикалық ампутация). Бұған жабдықтың өздігінен қосылып кетуі себеп болған.

Полиция бұл істің құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде абайсызда денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соққан қауіпсіздік ережелерін бұзу белгілері бойынша тергеліп жатқандығын нақтылады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Материалдар ішкі істер органдарының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексеру жүргізу үшін Еңбек инспекциясына жолданды, – деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, нысандағы техникалық қауіпсіздіктің сақталуына қосымша баға берілетіні айтылды.