Санкт-Петербургте қазақстандық теракт жасамақ болды деген күдікке ілінді

0
106

Мартынов Украина арнайы қызметінің тапсырмасымен және ақша үшін әрекет еткен.


Санкт-Петербургте қазақстандық теракт жасамақ болды деген күдікке ілінді

Фото: Санкт-Петербург қаласының прокуратурасының ресми Telegram-арнасы

ERNUR.KZ. Санкт-Петербург прокуратурасы 28 жастағы Қазақстан азаматы Артур Мартыновқа қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысын бекітті. Оған теракт жасауға оқталу, терроризмге жәрдемдесу, тыңшылық, диверсия және осы мақсаттарда арнайы дайындықтан өткізу баптары бойынша айыпталды, деп жазады stan.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, Мартынов Украина арнайы қызметінің тапсырмасымен және ақша үшін әрекет еткен. Ол Санкт-Петербург пен Ленинград облысындағы байланыс және энергетика нысандарына қарсы ауыр қылмыс жасауды жоспарлаған. Күдікті арнайы дайындықтан өтіп, өрт қою туралы нұсқаулық алған және нысандардың орналасуын мессенджер арқылы зерттеген.

2023 жылы қыркүйек пен қазан айлары аралығында Мартынов Санкт-Петербургтегі Обручевых және Чугунная көшелерінде, Муринодағы Ясная көшесінде ұялы байланыс желілерін өртеген. Сонымен қатар Полюстров даңғылында тоқты бөліп жіберіп тұратын қалқан және кабельді өртеген. Ол трансформаторды да өртемек болып, шетелдік барлау қызметіне мұнай өңдеу кешенінің координаттарын берген.

Қылмыстық істің қорытындысы тапсырылғаннан кейін, іс 1-Батыс өңірлік әскери сотына қарауға жіберіледі.