Бүлдіршінге облыс орталығында шұғыл көмек көрсетілді.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 9 жастағы бүлдіршін облыс орталығына шұғыл түрде тікұшақпен жеткізілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды
Жедел іс-шараға ҚР ТЖМ-нің Казавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылып, балаға шұғыл көмек көрсетілді.
Кәсіби ұшқыштар мен дәрігерлердің жұмысы
Ұшқыштар Бейбіт Смағұлов пен Шыңғыс Мәлипьянов, сондай-ақ санитарлық авиация дәрігерлері бірлесіп рейсті сәтті аяқтап, науқасты Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге жеткізді.