Ресей зауытында көз жұмған Қазақстан азаматтарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
75

Олар зауыт маңында құрылыс жұмысын жүргізген.


Ресей зауытында көз жұмған Қазақстан азаматтарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Freepik

ERNUR.KZ. Череповец металлургиялық комбинатында қайтыс болған екі қазақстандықтың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Мердігер ұйымның жұмысшылары зауытта құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан кезде қаза тапқан.

Тергеу «еңбекті қорғау талаптарын бұзу салдарынан абайсызда екі адамның қаза болуы» фактісі бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 143-бабының 3-бөлігімен жүргізіліп жатыр.

«Оқиға орнында тексеру жүргізілді. Қажетті құжаттар тәркіленді. Куәлар мен оқиғаға қатысы бар адамдардан жауап алынып жатыр. Мемлекеттік еңбек инспекциясының мамандарымен бірлесіп, өндірістегі жазатайым оқиғаның себептері мен оған әсер еткен жағдайларды анықтауға бағытталған тергеу ұйымдастырылды», - деп хабарлады Волгоград облысының тергеу комитеті.