Референдум: шетелде 11 дауыс беру учаскесі жабылды

0
93

Қазіргі кезде шетелде жүрген 14 130 қазақстандық дауыс бере алады.


Референдум: шетелде 11 дауыс беру учаскесі жабылды

ERNUR.KZ. Таяу шығыстағы жағдайға байланысты шетелде 11 дауыс беру учаскесінің жұмысын тоқтатуға шешім қабылданды. Бұл туралы сыртқы істер вице-министрі Ерлан Әләмбаев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Қазіргі кезде шетелде жүрген 14 130 қазақстандық дауыс бере алады.
"Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісіп кетуіне байланысты, сондай-ақ, бірқатар елдегі қауіпсіздіктің төмен деңгейін ескере отырып, 10 елдегі 11 учаскенің жұмысын тоқтатуға шешім қабылданды", - деді Әлімбаев орталық референдум комиссиясының бүгінгі отырысында.
Осылайша, 15 наурызда 54 елде 71 дауыс беру учаскесі жұмыс істейтін болады.