Референдум өткізуге 20,8 млрд теңге бөлінеді - қаржы министрлігі

0
108

Референдум 2026 жылдың 15 наурызында өтеді.


Референдум өткізуге 20,8 млрд теңге бөлінеді - қаржы министрлігі

фото: Astana International Forum 2023

ERNUR.KZ. Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдум өткізуге үкімет резервінен 20,8 миллиард теңге бөлінеді, деп жазады sputnik.kz.
Оның ішінде 20,6 миллиард теңге немесе қарастырылған қаражаттың 75%-ы Орталық сайлау комиссиясына бөлінеді. Қаражат барлық деңгейдегі 71 044 референдум комиссиясы мүшелерінің жалақысына, ал тағы 25%-ы ұйымдастырушылық іс-шараларға бөлінеді.
Атап айтқанда:
ақпараттық қолдау;
полиграфия және баспа материалдары;
барлық деңгейдегі комиссия жұмысына.
Тағы 123,6 миллион теңге сыртқы істер министрлігіне бағытталады. Қаражат қызметкерлердің 62 елдегі 80 шетелдік сайлау учаскелеріне іссапармен баруына жұмсалады.
Қаржы министрлігі халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктердің референдумға тікелей немесе жанама қатысуына тыйым салынғанын ескертті. Шетелдік мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың, азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың референдумға байланысты іс-шараларды қаржыландыруға немесе басқаша қолдауға қатысуына да тыйым салынады.
Референдум 2026 жылдың 15 наурызында өтеді.