13 елдің басшысы Ресей президентінен мерекелік құттықтау алды.
фото: Sputnik / Кристина Кормилицына
ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан және басқа елдердің басшыларын Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады, деп жазады sputnik.kz.
Ол фашистік басқыншыларға қарсы шайқасқан және тылда жанқиярлықпен тер төккен әкелеріміз бен аталарымыздың даңқты ерліктері қастерленетінін баса айтты.
"Біздің қасиетті борышымыз – жеңімпаздар мұрасын қастерлеп сақтау. Сондықтан ортақ тарихымызды бұрмалауға, нацистер мен олардың сыбайластары жасаған зұлымдықтарды ақтауға немесе ұмыттыруға бағытталған кез келген әрекеттің жолын кесу өте маңызды", - деді Ресей президенті.
Путин шет мемлекеттердің басшылары мен азаматтарына жолдаған құттықтауында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, амандық және ұзақ өмір тіледі, деп хабарлайды Кремль.