Профессор Солтүстік Қазақстанда табылған мамонттың сүйегін көрсетті

0
127

Табылған олжа өте ірі жануарға тиесілі, ұзындығы - 1 метрге жуық.


Профессор Солтүстік Қазақстанда табылған мамонттың сүйегін көрсетті

фото : Пресс-служба Министерства науки и высшего образования РК

ERNUR.KZ. Қозыбаев университетінің профессоры Анатолий Плешаков Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында табылған мамонттың жіліншігін көрсетті, деп жазады sputnik.kz.
Берцовую кость мамонта изучают ученые Kozybayev University - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2025


Бірегей жәдігерді облыс тұрғыны Әсет Шайкин балық аулап жүргенде Бәйтерек ауылының маңайынан тауып, археолог Анатолий Плешаковқа тапсырған. Тарихшының айтуынша, ежелгі жануардың қалған бөліктері топырақ қабаттарының астында болуы мүмкін.

"Табылған олжа өте ірі жануарға тиесілі, ұзындығы - 1 метрге жуық. Оның жасын біз жоғарғы палеолит дәуіріне жатқызамыз. Бұл шамамен 15 мың жыл бұрын. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының аумағынан ежелгі жануарлардың қалдықтары табылған. Ал осы жәдігер табылған жерде келесі жылы шұңқыр қазып көреміз. Егер сол жерден қаңқа мен құрал-саймандарды тапсақ, бұл біздің аумақтағы алғашқы палеолит ескерткіші болмақ", – дейді Плешаков.

Шұңқыр жасау немесе сынақ қазбасын жүргізу арқылы мәдени қабаттар мен артефактілердің бар-жоғын анықтауға, стратиграфияны бағалауға және осы жерде одан әрі толық көлемде қазбалар жүргізуге мүмкіндік береді.

Айта кетері, Анатолий Плешаков археологиялық экспедицияны басқарады. Оның құрамында ғалымдардан басқа Қозыбаев университетінің тарихшы-студенттері бар. Биыл олар екі көне ескерткіш – Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай және Ақ-Ирий елді мекендерінде жұмыс істеді.