Президент Амангелді Омарбековты Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметінен босатты

0
159

Амангелді Омарбеков 1982 жылы дүниеге келген.


Президент Амангелді Омарбековты Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметінен босатты

Фото: Akorda.kz

ERNUR.KZ. Президенттің өкімімен Амангелді Омарбеков ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

– Мемлекет басшысының өкімімен Амангелді Оразалыұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Амангелді Омарбеков 1982 жылы дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын құқықтану мамандығы бойынша, Ұлттық қорғаныс университетінің магистратурасын әскери және мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген.
2005-2016 жылдары арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет еткен.
2016 жылдан 2022 жылдың тамыз айына дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде инспектор, сектор меңгерушісі, хатшылық меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2022 жылы 22 тамызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Мемлекеттік наградалары: «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі, Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» ордені, ҚР Президентінің Алғысы, ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының Алғысы.
Қазақ күресінен спорт ардагерлері арасында Қазақстан Республикасының чемпионы (Алматы - 2024).