Тексеріс нәтижелері бойынша 10 бала ауруханаға жатқызылған, оның екеуі жансақтау бөлімінде, қалғандары бейінді бөлімшелерде жатыр.
ERNUR.KZ. Алматы-2 теміржол вокзалына келген пойызда 52 адам газдан уланып қалған. Алдын ала мәлімет бойынша төтенше жағдай киностудия ұйымдастырған түсірілім кезінде болған, деп жазады tengrinews.kz.
Бұл туралы Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
"Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Барлығы 52 адам зардап шекті, оның ішінде балалар бар. Барлық зардап шеккен адам тексеріс жүргізу және медициналық көмек көрсету үшін қала стационарларының қабылдау бөлімдеріне жеткізілді", - деді ведомство өкілі.
Тексеріс нәтижелері бойынша 10 бала ауруханаға жатқызылған, оның екеуі жансақтау бөлімінде, қалғандары бейінді бөлімшелерде жатыр.


