Павлодарда канистр ұстаған ер адам көпқабатты үйдің кіреберісін өртеп жібермек болды

0
95

Павлодарда көпқабатты үйдің кіреберісіне өрт қоймақ болған ер адам іздестіріліп жатыр.


Павлодарда канистр ұстаған ер адам көпқабатты үйдің кіреберісін өртеп жібермек болды

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Павлодарда көпқабатты үйдің кіреберісіне өрт қоймақ болған ер адам іздестіріліп жатыр. Ол таңертең қолына жанармай құйылған канистрді алып, оны кіреберіске төгіп,өртемек болған деп жазады stan.kz

Оқиға подъездегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ер адам канистрдегі сұйықтықты кіреберіс алаңына, тіпті пәтерлердің есіктеріне дейін шашып шыққан. Тіпті өзіне кедергі жасауға тырысқан тұрғындардың бірінің бетіне жанғыш сұйықтықты шашып жіберген. Ер адам жанындағыларды балағаттап, оларға дөрекі сөйлеп, тіпті біріне жұдырық жұмсаған.

Ол өрт қоюға әрекеттенгенде тұрғындар оған кедергі жасаған. Кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен, қазір оны полиция іздестіріп жатыр.

“Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Оны ұстау үшін шаралар қабылданып жатыр. Сонымен қатар ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материал сотқа жолданады”, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің ресми өкілі Жанар Белялова.