Павлодарда ер адам бұрынғы әйелінің қымбат көлігін өртеп жіберген

0
264

Келтірілген залал - 24 873 230 теңге.


Павлодарда ер адам бұрынғы әйелінің қымбат көлігін өртеп жіберген

фото:Sputnik / Алексей Мальгавко

ERNUR.KZ. Павлодарда ер адам ажырасып кеткен әйелінің көлігін өртеп жіберген, деп жазады sputnik.kz.

Қылмыстық іс Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Тағылған айып - адамдар тобының алдын ала сөз байласып, өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін қасақана жою.
"Ер адам бұрын неке қатынасында болған жәбірленуші әйелдің "Toyota Land Cruiser 200" автокөлігін өртеуді ұйымдастырған. Ол қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін туысына ақшалай сыйақы уәде берген", - дейді сотта.
Ер адамның туысы 2024 жылдың 4 тамызында жанар-жағармай құю бекетінен 1 литр бензин сатып алған. Сағат 02:20-да Павлодар қаласындағы жәбірленушінің тұрғылықты жеріне келіп, тұрақтағы автокөліктің капотына бензин құйып, өртеп жіберген.
Келтірілген залал - 24 873 230 теңге. Алайда сотталушылар кінәларын мойындамай, ақтауды сұрады.
Сот үкімімен экс-күйеу 6 жыл 8 айға, ал туысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ олар материалдық шығынды өтейтін болады.