Құтқарушылар келгенше кәсіпорын қызметкерлері бір адамға шығуға көмектескен.
фото: ТЖМ баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Павлодар қаласында жер қазу жұмыстары кезінде бес жұмысшыны топырақ басып қалды, деп жазады sputnik.kz.
Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, шұңғырдың тереңдігі шамамен 6 метр болған. Құтқарушылар келгенше кәсіпорын қызметкерлері бір адамға шығуға көмектескен. Ал төтенше жағдай мамандары тағы екі жұмысшыны алып шықты. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.
"Үйінді арасынан екі адамның денесі шығарылды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі кезде полиция еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тергеу кезінде оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады.


