Оқиға екеуі ішімдік ішкеннен кейін басталған.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Павлодарда екі ер адам ішімдік ішкеннен кейін төбелесіп қалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Kabyltayev Telegram-арнасында жарияланған видеода Павлодар қаласындағы тұрғын үй ауласында ер адамдардың төбелесі бейнеленген. Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Осипенко көшесінде орын алған.
Полицияның дерегінше, жанжал спирттік ішімдік ішкен ер адамдардың арасында туындаған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қатысушылар табылып, ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.