Алғашқы егіздер 2026 жылғы 13 қарашада дүниеге келді.
Сурет: facebook/cok.mangystau
Алғашқы егіздер 2026 жылғы 13 қарашада дүниеге келді. Ұл бала сағат 14:00-де салмағы 2 740 грамм, бойы 51 сантиметр болып туған. Ал оның қарындасы тоғыз минуттан кейін, сағат 14:09-да өмірге келді. Қыз баланың салмағы 2 830 грамм, бойы 52 сантиметр болды.
Сол күні бірнеше сағаттан кейін орталықта тағы бір жұп егіз дүниеге келді. Сағат 17:16 және 17:33-те екі ұл бала туған. Олардың салмағы тиісінше 2 430 және 2 290 грамм болса, бойлары 46 сантиметрді құрады.
Келесі күні, 14 қарашада, перинаталдық орталықта үшінші жұп егіз өмірге келді.
"Сағат 11:58-де салмағы 3 080 грамм, бойы 51 сантиметр ұл бала дүниеге келді. Ал сағат 12:15-те салмағы 2 960 грамм, бойы 52 сантиметр қыз бала туды", – делінген хабарламада.
Әзірге ата-аналардың барлығы сәбилеріне есім таңдап үлгермеген. Белгілі болғандай, әртүрлі жынысты егіздердің бір жұбына Ануар және Ақнұр есімдері берілген.


