Жел басылғаннан кейін ғана үйдің төбесінен кран алынып тасталды.
ERNUR.KZ. Павлодар облысындағы дауыл салдарынан Ақсу қаласында қатты желден құрылыс краны бес қабатты үйге құлаған, деп жазады sputnik.kz.
Кран бірнеше күннен бері орнынан қозғалмаған. 23 тонналық кран тұрғындардың зәре-құтын қашырды.
Жел басылғаннан кейін ғана үйдің төбесінен кран алынып тасталды.
Әкімдіктің мәліметінше, қатты желден 61 көпқабатты, 102 жеке тұрғын үйдің, 16 әлеуметтік нысанның, 48 заңды тұлғаның шатырлары қираған. 250-ден астам ағаш құлаған.