Павлодар облысында жер үй өртеніп, екі бала көз жұмды

0
98

Балалар ауруханада жан тапсырған.


Павлодар облысында жер үй өртеніп, екі бала көз жұмды

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Павлодар облысының Ертіс ауылында жер үйден өрт шығып, кәмелетке толмаған екі бала қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Тілсіз жау туралы хабар «101» қызметіне бүгін таңғы сағат 08:33-те түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына үш минутта жеткен. Олар келген кезде жер үй толығымен отқа оранған: жиһаз, тұрмыстық заттар мен шатыр жанып, қою түтін шыққан.

«Қиын жағдайға қарамастан, өрт сөндірушілер алғашқы минуттардан-ақ зардап шеккендерді іздеуге кірісті. Олар кәмелетке толмаған үш баланы құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Тағы бір бала өрт сөндірушілер келгенге дейін құтқарылған. Алайда, өкінішке қарай, екі бала ауруханада көз жұмды», – деп мәлімдеді Павлодар облысының ТЖ департаменті.

Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.