Парашют ашылмай қалған: Ақтөбедегі әскери институттың курсанты көз жұмды

0
198

Қайғылы оқиға 15 шілдеде болған.


Парашют ашылмай қалған: Ақтөбедегі әскери институттың курсанты көз жұмды

фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. Ақтөбедегі әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты қаза болды, деп жазады sputnik.kz.
Қайғылы оқиға 15 шілдеде болған.
"Институттың курсанты парашаютпен жоспарлы оқу-жаттығу секіру кезінде алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды", - дейді ведомство.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, секіру кезінде курсанттың парашюті ашылмай қалған.
Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.
"Әскери институт пен әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан курсанттың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", - дейді әуе қорғанысы күштері әскери институтының баспасөз қызметі.