Қазақстанда отандық өнімнің үлесі артып келеді.
ERNUR.KZ. Бұл үрдіс металлургия, жеңіл өнеркәсіп және электроника салаларында байқалады. Тауарлардың ішкі өндірісінің ұлғаюы нәтижесінде импорттық өнімдер біртіндеп ауыстырылады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
«Отандық өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдаудың пәрменді құралдарының бірі реттелетін сатып алуларға қатысуға басым құқық беру болып саналады», — деп атап өтті өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында.
Осы құралдың арқасында отандық тауарлардың 4 834 астам позициясына басымдық берілді. Осы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар отандық тауар өндірушілермен 303 млрд теңге болатын 96 мыңнан астам келісімшартқа отырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе жоғары.