Өскеменде жаяу жүргіншілер көпірі құлады: зардап шеккендер бар

0
139

Оқыс жағдай кезінде көпірде сегіз адам болған, оның ішінде төртеуі - кәмелетке толмаған.


Өскеменде жаяу жүргіншілер көпірі құлады: зардап шеккендер бар

Өскемен әкімдігі баспасөз қызметінің фотосы

ERNUR.KZ. Өскеменде жаяу жүргіншілер көпірі опырылып түсті, зардап шеккендер бар, деп жазады tengrinews.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, оқиға 7 мамыр күні сағат 20:30 шамасында Карбышев көшесіндегі аспалы жаяу жүргіншілер көпірінде болған. Оқыс жағдай кезінде көпірде сегіз адам болған, оның ішінде төртеуі - кәмелетке толмаған.

"Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметтері мен жедел жәрдем бригадасы шұғыл жетті. Зардап шеккендерді дәрігерлер қарап шықты, ауыр жарақаттар тіркелген жоқ, жеңіл сырылулар мен соғылулар бар", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Алдын ала ақпарат бойынша, кәмелетке толмаған балалар көпір конструкциясын тербеткен, соның салдарынан көпір төсемесі зақымдалған.

Қазіргі уақытта көпір жабық.