Өскеменде өзенді жүзіп өтпек болған екі жігіт суға батып кетті

0
138

Куәгерлердің айтуынша, жас жігіттер тасқынды өзенді жүзіп өтпек болған.


Өскеменде өзенді жүзіп өтпек болған екі жігіт суға батып кетті

ERNUR.KZ. Өскеменде тасқынды өзенді жүзіп өтпек болған екі жігіт із-түзсіз кеткен. Құтқарушылардың жұмысы қатты ағысқа байланысты қиындап отыр, деп жазады baq.kz.

Өскеменде өзенді жүзіп өтпек болған екі жігіттің бірі қаза тауып, екіншісін іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Қайғылы оқиға 3 мамыр күні Согра ауданындағы Үлбі өзенінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жас жігіттер тасқынды өзенді жүзіп өтпек болған.

2003 жылы туған жігіттердің бірінің мәйіті келесі күні Үлбі өзенінен, Степное ауылы маңынан табылған. Ал екінші азаматты іздеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздестіру жұмыстарына сүңгуірлер жұмылдырылып, дрондар қолданылуда.

Құтқарушылардың іздеу жұмыстары Үлбі өзеніндегі қатты ағыс пен су деңгейінің көтерілуіне байланысты қиындап отыр, – деп хабарлады ведомство.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, бастапқыда өзенге үш жігіт түскен. Олардың біреуі жағаға аман шығып үлгерген.

Төтенше жағдайлар департаменті мұндай қайғылы жағдайлар көбіне судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болатынын ескертті. Мамандардың айтуынша, адамдар шомылу маусымы басталмай жатып суға түседі. Бұл кезде өзен суы әлі суық әрі көктемгі тасқын салдарынан су деңгейі жоғары болады.