Орталық сайлау комиссиясы тағы 10 халықаралық байқаушыны аккредиттеді

0
108

Бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан келген 96 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.


Орталық сайлау комиссиясы тағы 10 халықаралық байқаушыны аккредиттеді

фото:baq.kz.

ERNUR.KZ. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысатын тағы 10 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Бұл туралы ОСК отырысында Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман хабарлады.

«2026 жылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Орталық сайлау комиссиясына аккредиттеу үшін 5 шет мемлекет пен 1 халықаралық ұйымнан 10 халықаралық байқаушының кандидатурасын ұсынды. Атап айтқанда, Молдова Республикасынан - 4 кандидатура, оның ішінде осы елдің Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, Халықаралық парламентарийлер конгресінен (IPC) - 1 кандидатура, Албания Республикасынан – 2 кандидатура, Кувейт Мемлекетінен - 1 кандидатура, оның ішінде осы мемлекеттің Қазақстандағы Елшісі, сондай-ақ Армения Республикасы мен Палестина Мемлекетінен бір-бір кандидатура ұсынылды», - деп хабарлады Мұхтар Ерман.

Бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан келген 96 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.