​Оралда газдан уланған ана мен 5 бала ауруханаға жатқызылды

0
87

Қазіргі уақытта бір үйдің бес баласы Зачаган кентіндегі облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр.


​Оралда газдан уланған ана мен 5 бала ауруханаға жатқызылды

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

ERNUR.KZ. Орал қаласында бір отбасының балалары газдан уланған деген ақпарат тарады, деп жазады inform.kz.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, оқиға 18 желтоқсан күні болды.

Қазіргі уақытта бір үйдің бес баласы Зачаган кентіндегі облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр. Олардың жағдайы дәрігерлердің бақылауына алынған.
— Балалардың анасы қалалық көпбейінді ауруханада ем алуда. Жағдайы орташа ауыр. Олардың бәрі де табиғи газдан уланған, - деп хабарлады ведомстводан.