Отбасы жалдамалы үйде тұрған.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысы Зашаған кентінде көпбалалы отбасы тұрмыстық газдан уланып қалды. Қазір зардап шеккендер ауруханада жатыр. Балалардың жасы екі мен он үш аралығында, деп жазады stan.kz.
Отбасы жалдамалы үйде тұрған. Жергілікті билік мәліметінше, оқиға қауіпсіздік талаптарының сақталмауы салдарынан туындаған.
“Газ көзі бірден ажыратылып, газ құбыры залалсыздандырылды. Улану туралы хабар түскеннен кейін жедел қызмет өкілдері тарапынан қажет шаралар қабылданды”, – делінген сюжетте.
Дәрігерлердің айтуынша, балалардың жағдайы тұрақты. Анасы да дәрігерлердің бақылауында.
“Газ жабдықтары ақаулы күйде болған. Ескі үлгідегі пештер қолданылып, газ оттығы пайдалану талаптарын бұза отырып қосылған. Қазір анықталған кемшіліктерге байланысты бұл үйде тұру қауіпті. Газ беру белгіленген тәртіппен мамандар тарапынан тоқтатылды”, – деді қалалық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Меруерт Жұмаханова.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы жылу электр орталықтарының қашан газға көшетіні белгілі болғаны туралы жазған едік.


