Оңтүстік аймақтардағы 105 084 га суармалы алқаптағы ирригациялық-дренаждық жүйелер қайта жаңартылады

0
87

Су шаруашылығы комитеті «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, 2-кезең» жобасын іске асырумен айналысады.


Оңтүстік аймақтардағы 105 084 га суармалы алқаптағы ирригациялық-дренаждық жүйелер қайта жаңартылады
ERNUR.KZ. Жобаның мақсаты – Сырдария, Талас, Шу және Іле трансшекаралық өзендерінің бассейндерінде республикалық меншіктегі тозған ирригациялық және дренаждық жүйелерді реконструкциялау арқылы суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін және мелиорациялық жай-күйін жақсарту. Бұл туралы ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев ОКҚ алаңында хабарлады.

Жоба 105 084 га суармалы алқапта ирригациялық-дренаждық жүйелерді (ИДЖ) қайта жаңартуды көздейді және 11 объектіден тұрады, оның ішінде Түркістан облысында 62 308 га, Қызылорда облысында 15 123 га, Жамбыл облысында 15 172 га, Алматы облысында 12 481 га.

Оның мәлімдеуінше, қазір жобада көзделген жұмыстар 93%-ға аяқталды.

«2022 жылы Комитет Жамбыл облысында 2 нысанды аяқтап, пайдалануға берді. Өткен жылдың желтоқсан айында Қызылорда облысының Жалағаш ауданында жобалық ауданы 15,1 мың га болатын «Қызылорда-1» ИДЖ жобасын іске асыру аяқталды. Объектіні ақаулы кезең аяқталғаннан кейін 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. 2025 жылдың вегетациялық кезеңінің басынан бастап бұл суару жүйелері 25,1 мың га аумақта толық көлемде жұмыс істеуде. Қалған 8 нысан бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде ағымдағы жылы 5 нысанды аяқтау жоспарлануда. Жобаны іске асыру басталғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін қолданыстағы жобалық ирригациялық-дренаждық жүйелерді реконструкциялау есебінен 79 мың га алаңда сумен қамтамасыз етуді жақсарту және ирригациялық желілердегі судың ысырабын 201,8 млн м3 дейін төмендету үшін гидромелиорациялық жағдайлар жасалды», – деді спикер.

Сонымен қатар Комитет Арал теңізі бассейніндегі экологиялық көрсеткіштер мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды одан әрі жақсарту мақсатында Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Арал теңізінің солтүстік бөлігін өңірлік дамыту және қалпына келтіру» жобасын іске асыруда. Жоба бұрын қол жеткізілген оң нәтижелер негізінде Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесіп әзірленді және Арал теңізі бассейнінің кешенді өңірлік және экономикалық дамуына бағытталған. Осы жоба шеңберінде Сырдария өзені бассейнімен Солтүстік Арал теңізі аймағында техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу және жобаның экологиялық және әлеуметтік әсеріне бағалау жүргізу көзделген.