Бүгінгі сот отырысында Қайрат алдымен "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қорының құрылтайшыларынан жауап алуды талап етті.
фото: Sputnik / Стрингер
ERNUR.KZ. Халықтың қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген Перизат Қайрат өзі басқарған қордың құрылтайшыларын атады, деп жазады sputnik.kz.
Бүгінгі сот отырысында Қайрат алдымен "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қорының құрылтайшыларынан жауап алуды талап етті.
"Осы іс бойынша жауап алуды қор құрылтайшыларынан бастаса екен деймін. Себебі айыптау актісінде қорды мен және менің анам ғана құрды деп айтылған, біз қолтаңбаларды қолдан жасағанымыз жайлы айтылған. Ал қор партия кезінде құрылды. Ол кезде партияны Бауыржан Байбек басқарды. Менен басқа құрылтайшылардың барлығы бұрын партияда жұмыс істеген, қазір жұмыс істейтіндері де бар", - деді Қайрат бүгінгі сот отырысында.
Айта кетері, бүгін Астанада Перизат Қайраттың ісі бойынша негізгі со отырысы басталды. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталып отыр.
Тергеу мәліметінше ол қайырымдылықтың негізгі бөлігіне қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлік сатып алған. Күдікті алаяқтық жолмен 3,5 млрд теңгені жымқырған. Ал оның анасы ақшаны шығаруға көмектескен.