Қазақстанда оқу бағдарламасы төрт тоқсанға бөлінеді.
ЖИ арқылы жасалған
ERNUR.KZ. Қазақстан мектептерінде үшінші тоқсан аяқталуға жақын. Одан кейін оқушыларды ұзақ каникул күтеді, деп жазады tengrinews.kz.
2026 жылғы көктемгі демалыс 11 күнге созылады - 19 наурыздан 29 наурызға дейін (қоса алғанда).
18 наурыз - соңғы оқу күні. Ал 30 наурызда оқушылар мектепке қайта оралып, төртінші тоқсанды бастайды.
Қазақстанда оқу бағдарламасы төрт тоқсанға бөлінеді. Биыл үшінші тоқсан 10 аптаға созылды. Бекітілген күнтізбеге сәйкес, төртінші тоқсан шамамен 8 апта болады. Ол 2026 жылғы 25 мамырда аяқталып, одан кейін жазғы демалыс басталады.


