Сауд Арабиясы Қазақстанның азаматтары үшін 2027 жылғы қажылыққа неше орын бергені белгілі болды

0
147

​Бас мүфти Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрімен келісімге келді.


Сауд Арабиясы Қазақстанның азаматтары үшін 2027 жылғы қажылыққа неше орын бергені белгілі болды

Фото: Мүфтият

ERNUR.KZ. 2027 жылы Қазақстаннан 4300 адам қажылыққа бара алады. Сауд Арабиясы Қазақстан үшін осынша орын беріп отыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан мен Сауд Арабиясы қажылықты үйлестіруге қатысты келісімге қол қойған.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрі Тауфиқ бин Фаузан әр-Рабиа алдағы қажылық маусымын ұйымдастыру жөніндегі келісімге қол қойды», -деп хабарлайды мүфтияттың баспасөз қызметі.

Бұл келісім Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қажылық сапарын үйлестіру, қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігі мен медициналық талаптарды сақтау сынды мәселелер қамтылған.

«Құжатқа сәйкес, Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді. Сондай-ақ қажыларды орналастыру, тасымалдау және қажылық қызметтерін ұйымдастыру бойынша тараптардың міндеттері айқындалды», - деп хабарлайды мүфтият.