Бала құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа жол бермеу нормалары нақтыланды.
ERNUR.KZ. Нұрлан Әуесбаев: Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығы қорғалады.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшесі Нұрлан Әуесбаевтың айтуынша, Ата Заңда отбасы мен неке ұғымдарының нақты айқындалуы – қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды құқықтық деңгейде бекітудің көрінісі.
Жаңа Конституцияда неке, отбасы, ана, әке және баланың мемлекет қорғауында екені нақты көрсетілген. Бұл – отбасы тек әлеуметтік ұғым емес, мемлекеттің қорғауындағы маңызды институт екенін білдіреді. Сондай-ақ отбасына қатысты кез келген заң мен шешім ең алдымен отбасы мүддесін ескере отырып қабылданады.
Бала құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа жол бермеу нормалары нақтыланды. Мемлекет бала мүддесін бірінші орынға қоюға міндеттеледі.


