Министрдің айтуынша, құжат "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылған.
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мәжілісте өткен брифингте несиесі бар отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) беру тәртібіне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады stan.kz.
Министрдің айтуынша, құжат "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылған. Онда несие алған отбасыларға АӘК төлеу шарттары қайта қарастырылуы мүмкін екені айтылған.
Жақыпова айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек қарызды жабуға арналмаған. Сондықтан есептеу кезінде отбасының несиеге жұмсайтын шығыны есепке алынады.
"Мәселен, үш адамнан тұратын отбасы 3 миллион теңге несие рәсімдеді делік. Ай сайынғы төлем әрқайсына 300 мың теңгеден келеді. Бұл табыс кедейлік шегінен жоғары болғандықтан, оларға АӘК тағайындалмайды. Ал егер несие көлемі шағын болса, мысалы 300 мың теңге, есеп керісінше табыстың кедейлік шегінен төмен екенін көрсетеді. Бұл жағдайда АӘК беріледі", – деді министр.
Ол сондай-ақ аталған өзгерістер ипотекалық несиеге қатысы жоғын да атап айтты.
Министр құжат әзірге заңдық күшіне енбегенін, қазір ол тек қоғамды ақпараттандыру және ұсыныстар жинау мақсатында талқылауға ұсынылғанын мәлімдеді.