Наурыздағы мерекелерге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі өзгерді.
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Қазақстанда наурыз айындағы мерекелер кезеңінде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгеретіні белгілі болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, наурыз айында ХҚКО бөлімшелері, оның ішінде кезекші бөлімдер де 6 күн жұмыс істемейді.
Атап айтқанда, 8 және 9 наурыз күндері Халықаралық әйелдер күніне байланысты барлық ХҚКО мен арнайы ХҚКО-ларда демалыс жарияланған.
Ал Наурыз мерекесі кезінде орталықтар 21, 22, 23 және 24 наурыз күндері жұмыс істемейді.
25 наурызда тек кезекші бөлімшелер ғана қызмет көрсетеді. Бұл күні азаматтарды қабылдау 09:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.
Қалған күндері ХҚКО және арнайы ХҚКО бөлімшелері азаматтарға қалыпты жұмыс режимінде қызмет көрсетеді.


