"Наурыз" және "Наурыз жұмыскер" ипотекасы қайта беріле бастайды

0
108

Әрленген бастапқы тұрғын үйді 10 проценттік алғашқы жарнамен рәсімдеуге мүмкіндік бар.


фото:Sputnik / Антон Денисов

ERNUR.KZ. Отбасы банк "Наурыз" және "Наурыз жұмыскер" ипотекасын беру қайта басталатынын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Екі ипотекалық бағдарлама да 3 қарашада іске қосылады. Келесі дүйсенбіден бастап құжат тапсыра беруге болады.
"Наурыз" бағдарламасы аясында тұрғын үйді алғашқы нарықтан, ал моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде екінші нарықтан сатып алуға болады. Зайымның ең жоғарғы мөлшері: Алматы мен Астана қалалары үшін - 36 млн теңгеге дейін, қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін.
Бағдарлама шарттары:
алғашқы жарна - 20%;
тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін несие бойынша мөлшерлеме - 7%;
азаматтардың барлық санаты үшін несие бойынша мөлшерлеме - 9%;
несие мерзімі - 19 жылға дейін.
"Наурыз жұмыскер" ипотекасы да соған ұқсас. Бірақ әрленген бастапқы тұрғын үйді 10 проценттік алғашқы жарнамен рәсімдеуге мүмкіндік бар. Бағдарламаға нақты саланың мамандары ғана қатыса алады. Олар:
өнеркәсіп және құрылыс;
энергетика;
көлік;
ауыл шаруашылығы;
су ресурстары және ирригация.
Ал кеңсе қызметкерлері бағдарламаға қатыса алмайды.
Қатысу шарттары:
Отбасы банкінде депозит ашу;
депозитті 2 млн теңгеге дейін толтыру (өтінім берердің алдында бірден салуға болады);
өтінім беруші мен оның туыстарының атында соңғы 5 жылда баспананың болмауы;
соңғы 6 айдың табысын растау.
Тұрғын үй Baspana Market порталы арқылы бекітілген бағамен сатып алынады.
Айта кетері, жыл соңына дейін "Наурыз жұмыскер" бағдарламасымен 50 млрд теңгеге 2 000 ипотека беру жоспарланған.