Мысырға баратын қазақстандықтар үшін виза қымбаттады

0
122

​Мысыр келесі айдан бастап кіру визасының құнын көтереді.


Мысырға баратын қазақстандықтар үшін виза қымбаттады

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Мысырға кіретіндер енді көп ақша төлейтін болды. Туристерге арналған виза құны артқан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Туристік компаниялар мен агенттіктер палатасы Мысырдың шекаралық өткізу бекеттерінде берілетін кіру визасының құны артатынын жариялады», - делінген хабарламада.

Әңгіме бір реттік виза туралы болып отыр. 1 наурыздан бастап оның құны бұрынғы 25 доллардың орнына 30 доллар болады. Ал көп мәртелік визаның бағасы өзгеріссіз қалады, ол 60 доллар.

Египеттің Шарм-эш-Шейх әуежайына келіп, тек Синай түбегінің аумағында 15 күннен аспайтын мерзімде болуды жоспарлаған туристер үшін кіру тегін болады.