Ең қымбат жоғары технологиялық операцияның құны - 79 млн теңге
фото: Sputnik / Варвара Гертье
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі тегін жасалатын ең қымбат операциялардың тізімін жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Бүгінде көмекші жүрек жүйесін имплантаттау ең қымбат жоғары технологиялық операция болып отыр. Оның құны - 79 млн теңге. Бірақ пациенттерге тегін жасалады.
"2025 жылдың 11 айында мұндай жүйелер 59 пациентке орнатылды, олардың көпшілігі үшін операция өмір сүрудің жалғыз мүмкіндігі болды", - дейді дәрігерлер.
Ал екінші орында - аллогенді гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантаттау отасы. Оның бағасы - 17,4 млн теңге. Былтыр барлығы 117 операция жасалған болатын.
Былтыр жиі жасалған басқа да жоғары технологиялық операциялар:
автоматты кардиовертер-дефибрилляторды имплантаттау (1 963 операция);
бас және мойын тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы және окклюзиясы (1 463 операция);
ұрықтың дің жасушаларын трансплантаттау (1 384 операция).
Бүгінде Қазақстанда 82 жоғары технологиялық медициналық технология қолжетімді. Олар педиатрия, нейрохирургия, онкология, кардиохирургия, травматология, урология, акушерлік және гинекология, сондай-ақ трансплантология сияқты негізгі клиникалық бағыттар бойынша көрсетіледі.


