Оқиға қоғамда резонанс тудырғаннан кейін ғана Қызылорда облыстық полиция департаменті пікір білдірді.
ERNUR.KZ. Қызылорда қаласының Жазира Қуанышбай есімді тағы бір бойжеткен қоғамнан араша сұрады, деп жазады baq.kz.
Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазба жариялап, өзін ұзақ уақыт бойы белгісіз адамның аңдуына ұшырап жүргенін мәлімдеді.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жәбірленуші жарты жылдан астам уақыт бойы сталкингтің құрбаны болғанын айтып, бірнеше рет полиция мен прокуратураға арызданған. Сондай-ақ ол қауіпсіздігі үшін жалғыз жүрмеуге мәжбүр екенін, кей жағдайда 102 нөміріне хабарласуға тура келетінін жеткізген.
Дүниеде жоқ Нұрайды қоғам ақтай алмай жатқанда, тірі мені қоғам қорғай алады ма, барлық әрекетті жасадық, тіпті туыстары да сөзін өткізе алмай отыр,- дейді бойжеткен.
Әлеуметтік желідегі жазбасында азаматша полицияға фото және видео дәлелдер тапсырғанын, алайда іс “Номенклатуралық іс” деп қаралмаған.
Оқиға қоғамда резонанс тудырғаннан кейін ғана Қызылорда облыстық полиция департаменті пікір білдірді.
Ведомствоның хабарлауынша, сталкинг дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі кезде оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық істің тергелу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында, - делінген ресми мәліметте.
Полиция сталкингтің заңнамаға сәйкес адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнатуға немесе аңдуға бағытталған әрекеттер екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, 11 қаңтар күні Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылған.


