Мемлекеттік грантта оқыған түлектерге қойылатын талаптар өзгерді

0
167

Бұйрық 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.


Мемлекеттік грантта оқыған түлектерге қойылатын талаптар өзгерді

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

ERNUR.KZ. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған ҚР азаматтарын жұмысқа жіберу, бюджеттен жұмсалған шығындарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, жұмыспен өтеу міндетінен босату немесе оны тоқтату қағидалары өзгертілді. Тиісті бұйрыққа ҚР Ғылым және жоғары білім министрі 2026 жылғы 6 тамызда қол қойды, деп жазады inform.kz.

— Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде авиациялық мамандықтар бойынша білім алған жағдайда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын аяқтағаннан кейін меншік нысанына қарамастан ұйымдарда кемінде 5 жыл, ал басқа мамандықтар бойынша кемінде 3 жыл еңбек етуге міндетті, — делінген құжатта.

Сондай-ақ, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бейін бойынша докторантурада білім алған ҚР азаматтарына да талаптар бекітілді.

Олар оқу мерзімі аяқталғаннан кейін, білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда кемінде 3 жыл еңбек етуге міндеттелді.

Бұйрық 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін магистратураға грант тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталғанын жазғанбыз.