Медициналық тексеруден өтпек болған ер адам 10 күнге қамалды

0
79

Сот қаулысы заңды күшіне енді.


Медициналық тексеруден өтпек болған ер адам 10 күнге қамалды

ERNUR.KZ. Атырауда ер адам есірткі затын медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп жазады baq.kz.

Сотта анықталғандай, 2025 жылғы 18 желтоқсанда дәрігерлік тексеруден өту кезінде ер адамның ағзасынан есірткі заты табылған. Оның бұл затты медициналық емес мақсатта қолданғаны анықталды.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толық мойындап, әрекетіне өкінетінін айтты. Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды, - деп хабарлады Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.