Медиаторлардың әдеп кодексі әзірленіп жатыр

0
97

Коуч өз біліктілігін сақтау үшін үздіксіз кәсіби дамудан өтуге міндетті.


Медиаторлардың әдеп кодексі әзірленіп жатыр

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

ERNUR.KZ. Медиаторлардың әдеп кодексі әзірленіп жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған, деп жазады inform.kz.

- Қазақстан Республикасының «Кәсіптік біліктіліктер туралы» Заңы 5-бабының талаптарына сәйкес, «Коучинг қызметі (кәсіби коучинг)» кәсіптік стандарты бекітілді. Аталған стандарт кәсіби коучтердің біліктілігіне, құзыреттеріне, білімдеріне, дағдыларына және этикалық қағидаттарына қойылатын талаптарды айқындайды. Кәсіптік стандартта біліктілік талаптары белгіленген коучингтің 9 бағыты бойынша кәсіптер карточкалары көзделген. Атап айтқанда, коучтер өздерінің біліктілігін жоғары білімінің болуы арқылы, сондай-ақ сертификаттаудан өту арқылы растайды, - деді Үкімет басшысы жауабында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта елімізде ICF (International Coaching Federation) және ACU (Association for Coaching University) сияқты халықаралық сертификаттар танылады. Аталған сертификаттар заңнамалық деңгейде кәсіби коучинг қызметін жүзеге асыру құқығын береді. Коуч өз біліктілігін сақтау үшін үздіксіз кәсіби дамудан өтуге міндетті. Атап айтқанда, әр үш жыл сайын коучинг бойынша кемінде 40 сағат көлемінде мамандандырылған оқудан өтуі тиіс.

- Коуч кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында кәсіби қауымдастықтың немесе федерацияның Коуч әдебі кодексін сақтауға және қызметтерді адалдық, тең құқықтылық және кемсітпеу қағидаттарына сәйкес көрсетуге жеке жауапты болады. Сонымен қатар, әдеп мінез-құлқы даулар мен жанжалдарды сындарлы түрде реттеудің маңызды факторы саналады. Осыған байланысты осы жылы құрметке негізделген қарым-қатынас қағидаттарын сақтауға және медиация институтына деген сенімді арттыруға бағытталған Медиаторлардың әдеп кодексі әзірленіп жатыр, - деді Олжас Бектенов.