​ТҮРКІСТАН: Биыл 10 елді мекенді ауыз сумен қамту мәселесі шешіледі

0
183

Түркістан облысындағы 801 елді мекен 100 пайыз ауыз су жүйесімен қамтылған.


​ТҮРКІСТАН: Биыл 10 елді мекенді ауыз сумен қамту мәселесі шешіледі

Түркістан облысында биыл 10 елді мекенді ауыз сумен қамту мәселесі шешіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жүйелі жұмыстар нәтижесінде Түркістан облысындағы 801 елді мекен 100 пайыз ауыз су жүйесімен қамтылған. Оның ішінде 7 қала және 794 ауылдық елді мекен бар. Бұл туралы Түркістан облысының әкіміНұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте айтылды.

Мәжілістеоблыс елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі таңда 155 елді мекенде 503,7 мың тұрғынғаауыз су кесте бойыншаберілуде. Бұған су құбырларының тозуы, жер асты суларының азаюы, кермектілігінің жоғары болуы, су тазарту қондырғыларының жиі істен шығуы және су беруші мекемелердің нысандарды тиісті деңгейде күтіп-ұстамауы себеп болып отыр. Аталған мәселелерді кезең-кезеңімен шешу мақсатында 2026-2028 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, 2026 жылы 10 елді мекендегі 45,7 мың тұрғынның ауыз сумен қамтылу мәселесі шешіліп, олар тәулік бойы тұрақты сумен қамтамасыз етіледі.Қалған 145 елді мекенді шешу үшін тиісті қаржы қажет.

Сонымен қатар 2026 жылы 42 нысанның құрылысына облыстық бюджет есебінен 17,5 млрд теңге бөлінді.1 қазан 2026 жылғы жағдай бойынша13 млрд теңге (73,9 %) игерілді. Биыл 11 нысандыаяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде тозығы жеткен 7 елді мекендегі 57,9 мың тұрғынныңсу құбырлары жаңартылып, ауыз су кестемен берілетін 10 елді мекендегі 45,7 мың халық тәулік бойы 24 сағатпен қамтылады.

Жиында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселесіне де ерекше назар аударылды. ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында2025-2029 жылдарыТүркістан облысына 42,9 млрд теңге қарастырылған.Түркістан облысы бойынша 12 табиғи монополия субъектісінің 12 жобасы «МЭКС» электрондық платформасына енгізілді.

Жиын соңында облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдіктеріне су құбырларын жаңарту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Тапсырмаларды сапалы әрі мерзімінде орындамаған басшыларға қызметтік шара көріледі. Сондай-ақ ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларын сапалы әрі уақтылы іске асыру, бөлінген қаржыны тиімді игеру және кестемен су берілетін елді мекендердегі мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жөніндегі тапсырмалардың орындалуы да қатаң бақылауда болады.

Бөлісу