Семей қаласында жергілікті университеттің алты студенті анықталып, олардан жауап алынды.
Фото: Астана қаласының прокуратурасы
ERNUR.KZ. Семейде алты студенттің банк карталары интернет-алаяқтықтан түскен ақшаны аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланылғаны анықталды. Бір студенттің шотына ғана 25 азаматтан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен, деп жазады inform.kz.
Семей қаласында жергілікті университеттің алты студенті анықталып, олардан жауап алынды.
— Тергеу деректері бойынша, оларға тиесілі банк карталары ақша қабылдау үшін пайдаланылған. Кейін түскен қаражат бөлшектеліп, басқа шоттарға аударылған. Бұл оның шығу тегін жасыруға, қаржы ағынын бақылауды қиындатуға және кейін ақшаны қолма-қол шешіп алуға мүмкіндік берген. Студенттердің бірінің шотына ғана 25 азаматтан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен, — делінген хабарланған.
Агенттіктің мәліметінше, ақша жіберген азаматтар интернет-алаяқтыққа байланысты істер бойынша жәбірленушілер екені анықталды. Олар елдің 11 өңірін қамтиды: Абай, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Жамбыл және Алматы облыстары, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалалары.
Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.


