Мас болған: Алматыда көпірден секіріп кеткен ер азаматтың жағдайы белгілі болды

0
715

Құлаған биіктігі шамамен 4-5 метрге жуық болған.


Мас болған: Алматыда көпірден секіріп кеткен ер азаматтың жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Алматыда көпірден секіріп кеткен ер адамның жайы белгілі болды, деп жазады Stan.kz.

Ер адамның жай-күйі жайлы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Ресми деректерге сүйенсек, 41 жастағы тұрғын көпірден секірер кезде мас болған.

"Оған "бассүйек-миының жабық жарақаты, миының шайқалуы, оң жақ жіліншігінің жабық сынығы" диагноздары қойылды. Қазір оның жағдайы "орташа ауыр" деп бағаланып отыр. Құлаған биіктігі шамамен 4-5 метрге жуық", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, кеше Алматыда ер адам жол үстіндегі көпірден секіріп кеткені жайлы айтылған еді.