Маңғыстауда тәртіпке бағынбаған шетелдік қамауға алынды

0
96

Шетел азаматына қатысты істі Қарақия аудандық соты қарады.


Маңғыстауда тәртіпке бағынбаған шетелдік қамауға алынды

Фото: kapital.kz

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Қарақия ауданында полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбаған шетел азаматы қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz.

Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 667-бабының 1-бөлігімен іс қозғалды.

"Шетелдік азамат биыл 26 қаңтарда Құрық портында алкогольдік масаң күйде полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбаған. Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толықтай мойындап, жеңіл жаза қолдануды сұрады", – делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.