Маңғыстауда швейцариялық туристердің автоүйі аударылып қалды

0
48

Оқиға "Бейнеу – Ақтау" тасжолында болған.


Маңғыстауда швейцариялық туристердің автоүйі аударылып қалды

фото: Pixabay / Pexels

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында швейцариялық туристер мінген автоүй аударылып қалды, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға "Бейнеу – Ақтау" тасжолында болған.
"Швейцариядан келген саяхатшылардың автоүйі аударылып кетті. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары шетелдік қонақтарға дереу көмекке келді", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Саяхатшыларды көліктен құтқарушылар алып шықты.
Екі турист қонақ үйге орналастырылған, полиция автоүйге қатысты жұмыстарды жүргізіп жатыр.