Маңғыстау облысында жасөспірімдер жаңа жылдық шыршаны қасақана бүлдірген

0
89

Кәмелетке толмағандардың түнде ата-анасының қарауынсыз көшеде болғаны анықталды.


Маңғыстау облысында жасөспірімдер жаңа жылдық шыршаны қасақана бүлдірген

Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Бейнеуде жасөспірімдер жаңа жылдық шыршаны қасақана бүлдірген, деп жазады sputnik.kz.
Екі жасөспірім жаңа жылдық шыршаны қасақана бүлдірген. Оқиға 30 желтоқсан күні сағат 03:00 шамасында Жылқыбаев көшесінде болған.
Полиция жасөспірімдердің кім екенін анықтады.
"Тексеру барысында кәмелетке толмағандардың түнде ата-анасының қарауынсыз көшеде болғаны анықталды", - дейді полицияда.
Ата-аналарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.