Маңғыстау облысында қар құрсауында қалған жүргізуші құтқарылды

0
112

Жүк көлігі қозғалысын жалғастыра алмаған


Маңғыстау облысында қар құрсауында қалған жүргізуші құтқарылды

ERNUR.KZ. 1 қаңтардан 2 қаңтарға қараған түні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Шағырлы-Шомысты кен орнының маңындағы Бейнеу ауылы жолында қар құрсауында жүк көлігі тұрып қалған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Хабар түсе салысымен оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, жүргізушіге қажетті көмек көрсетті және көлік құралын босатты.

Жүк көлігінің жүргізушісі медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ қазақстандықтарды ауа райы болжамын назарда ұстауға және қолайсыз ауа райында елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға шақырады.