Полиция тергеуді бастаған. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Фото: LyazaTretyakova/depositphotos.com
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында ер адам үйінің ауласынан өлі табылды, деп жазады tengrinews.kz.
Оқиға Маңғыстау облысы Шетпе ауылындағы жекеменшік үйде болған. Онда 42 жастағы ер адам өлі табылды. Ол жұмыссыз болғаны айтылды.
"Шақырту 20 қаңтарда түсті. Қазір полиция қызметкерлері оқиға орнына жұмыс істеп жатыр. Алдын ала себебі, өзіне қол жұмсау, тергеу жүргізіліп жатыр", - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция тергеуді бастаған. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.


