Тергеуді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүргізеді.
ERNUR.KZ. Қызылорда маңында АН-2 ұшағының құлауына байланысты комиссия құрылды, деп жазады inbusiness.kz.
«Бұл факті бойынша (ұшақтың құлауы – inbusiness.kz) комиссия құрылды. Тергеуді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды және оқыс оқиғаларды тергеу басқармасы жүргізеді», – деп жазылған Азаматтық авиация комитеті таратқан хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Қызылорда маңында АН-2 ұшағы құлаған еді. Бортта 2 адам болған.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
