Көп ұзамай 25 мамырда Қызылорда жылу электр орталығының жұмысшысы да кернеу салдарынан мерт болғаны мәлім болды.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Мамырдың соңғы онкүндігінің ішінде өңірде 2 жұмысшы тоққа түсіп, қайтыс болған, деп жазады inbusiness.kz.
Әуелгі оқиға 21 мамырда Шиелі ауданында болған. Сол күні сағат 13.30 шамасында "Жабдықтау" ЖШС-нің жалдамалы жұмысшысы, 1996 жылы туған Наурыз Бақыт Шиелі кентіндегі "Болашақ" дәрігерлік амбулаториясында күрделі жөндеу жұмысын жүргізу барысында тоққа түсіп, көз жұмған.
Көп ұзамай 25 мамырда Қызылорда жылу электр орталығының жұмысшысы да кернеу салдарынан мерт болғаны мәлім болды.
"Қызылорда қалалық полиция басқармасы абайсызда кісі өліміне әкеп соғу, еңбек қағидаларын бұзу дерегі бойынша тергеп-тексеруді бастады. Облыстық еңбек инспекциясына тиісті ұсыныс жолданды. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалы қатаң бақылауға алынды", – делінген хабарламада.
Жалпы, Қазақстанда жұмыс орнында қаза табатын адамдар саны азамай отыр. 2024 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан 1 408 жұмысшы зардап шегіп, оның 202-сі қайтыс болған.