Қызылордада ішімдік ішкен жасөспірім үшін анасы сот алдында жауап берді

0
176

Азаматша К.сотқа берген түсінігінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, енді қайталанбайтынын айтып көрсеткен.


Қызылордада ішімдік ішкен жасөспірім үшін анасы сот алдында жауап берді

Фото: pexels

ERNUR.KZ. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жергілікті тұрғынды ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп жазады zakon.kz.

Сот ақпаратына сүйенсек, азаматша К.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған баласы 15.04.2025 жылы Қызылорда қаласы, Титов қыстағы, Жетікөл көшесі бойында жеңіл дәрежеде алкогольдік ішімдік ішіп жүргендігі анықталды.

Азаматша К.сотқа берген түсінігінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, енді қайталанбайтынын айтып көрсеткен. Сот қаулысына сай азаматша К. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55048 теңге көлемінде айыппұл салынды.