Қызылордада бір топ жасөспірім қатарласын соққыға жықты

0
313

Төбелеске қатысушылар полицияға жеткізілді.


Қызылордада бір топ жасөспірім қатарласын соққыға жықты

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Қызылордада бір топ жасөспірім қатарласын соққыға жықты, деп жазады sputnik.kz.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға 18 ақпанда сағат 21: 00 шамасында сол жағалаудағы №55 үйдің ауласында болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Бірнеше жасөспірім бір балаға шабуыл жасап, оны аяусыз соққыға жыққан.
Полиция бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Оқиғаға қатысушылар жедел түрде анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Қызылорда облыстық полиция департаменті.
Тергеу жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.